«Дикий Арманның» ісіне қатысты тың деректер пайда болды
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Бас прокурор Берік Асыловтың конституцияны бұзғанын айтып, айыптады.
Жұмагелдиевтің айтуынша, Берік Асылов 2022 жылғы ақпандағы қаңтар оқиғасы туралы баяндамасында кінәсіздік презумпциясын бұзған.
– Бас Прокурордың әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы (Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы (Билік немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылады, – деді Евгений Яворский.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиевке қаруды заңсыз сақтау, тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топ құру баптары бойынша айып тағылды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.