Әділдік іздеген Әубәкіров Қаржы министрлігінен 12 млн теңге өндіріп алды

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіровке Қаржы министрлігі 12 млн теңгеден астам шығын өтеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
2020 жылдың сәуір айында Әубәкіров аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Осылайша 2021 жылдың маусымында шенеунік билігін асыра пайдаланғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Әділдік іздеген Әубәкіров кассациялық шағым түсірді, іс сот талқылауына жіберілді. Тергеу барысында Жангелді Әубәкіровтің құқық бұзушылыққа қатысы барын дәлелденбеді.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, жеті жылға сотталып, ақталған Әубәкіровке келтірілген залал өтелді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.