English version

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Контекст дня — 28 декабря 2022 18:10
0 -1

Әлемге аты әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Осылайша «Болашақ»  стипендиясының иегерлерінің тізімінде әншінің аты аталды. Димаш Құдайбергеннің қай ЖОО-ға түскені әлі белгісіз.

2022 жылы тағы 178 қазақстандыққа «Болашақ»  стипендиясы берілді. Оның ішінде 60 адам магистратураға, 8 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті. «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша 110 стипендиат білім алады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері әлемнің 20 елінің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында академиялық оқудан және тағылымдамадан өте алады. 93 адам АҚШ жоғары оқу орындарында, 47 адам Ұлыбритания және басқа елдердің жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды
https://t.me/kzexclusive



Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.