Димаш Құдайберген «Karić brothers award» сыйлығын иеленді
Белгілі әнші Димаш Құдайберген «Ағайынды Карич қоры» сыйлығына ие болды. Сүйінші хабарды әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады, – деді ол.
Айта кетейік, бұл беделді сыйлық әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлеріне беріледі.
Димаш Құдайберген аталған сыйлықты физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ж. Алферов, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты П. Хандке, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, теннисші Н. Джокович иеленгенін айтты.
Фото: Димаш Құдайбергеннің ресми парақшасынан алынды
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.