English version

Димаш Құдайберген Түркиядағы қайғылы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Контекст дня — 7 февраля 2023 17:50
0 -1

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін береді.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Түркияда, Сирияда және басқа да көптеген елдерде мыңнан астам адамның өмірін қиған трагедия туралы хабарды естідім, – деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі.

– Сондай-ақ stranger әлемдік туры аясында менің концерттеріме билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апаттан зардап шеккендерге көмекке берілетінін хабарлағым келеді. Толық ақпаратты кейінірек менің командам Dimashqnews хабарлайды. Сақ болыңыздар, – деді ол.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.