Допинг дауы: Қазақстандық футболшы 4 жылға футболдан шеттетілді - Exclusive
Поддержать

Допинг дауы: Қазақстандық футболшы 4 жылға футболдан шеттетілді

26 жастағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін футболдан төрт жылға шеттетілді.

Мамыр айының басында футболшы тыйым салынған препараттарға қатысты тест тапсырып, оң нәтиже шықты. Допинг-сынамадан милдронат табылды.

Айбол Әбікен «Қайрат» футбол клубының ойыншысы, ол жыл басында «Ақсуға» командасына жалға берген.

Бұл Қазақстан құрамасындағы үшінші оқиға. 2020 жылы допинг қолданғаны үшін команда капитаны Бауыржан Исламхан футболдан екі жылға шеттетілді, 2021 жылы дәл осындай мерзімге Руслан Валиуллин футболдан шеттетілді.

Фото: kff.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.