«Дос-Мұқасан» тобының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды
Құрылғанына 56 жыл толған «Дос-Мұқасан» тобының белді мүшесі Александр Михайлович Литвинов 75 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Қаралы хабарды дүйім жұртқа топтың негізін қалаушылар естіртті.
- Бүгін түнде Литвинов Александр Михайлович қайтыс болды. Ол біздің ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның балаларына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол біздің есімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жанашыр және жарқын адам ретінде қалады, — делінген хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.