Досаев ҰОС ардагерлеріне тіс дәрігерінің көмегі тегін болатынын айтты - Exclusive
Поддержать

Досаев ҰОС ардагерлеріне тіс дәрігерінің көмегі тегін болатынын айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға стоматологиялық көмек көрсетуді қолжетімді етуге уәде берді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, бүгінгі таңда ҰОС ардагерлерінің барлығы ерекше бақылауға алынған, оларға дәрігер бекітілген, үйлеріне ай сайын келіп, тексеру жүргізеді.

Досаевтың айтуынша, дәрігерлер мегаполистің барлық зейнеткерлерін аралай алмайды, өйткені көптеген мемлекеттік емханалар шамадан тыс жүктелген.

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкіміне ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін тіс дәрігеріне тексеруді қолжетімді ету туралы ұсыныс түсті.

– Әрбір емханада тіс емдеу ісін ұйымдастыру оңай болмайды, адамдардың жекелеген топтары үшін стоматологтарды тұрақты жұмысқа ала алмаймыз. Оның үстіне кабинеттерді жабдықтай алмаймыз. Мүмкін, біз барлық стоматологиялық институттарға ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға қолдау көрсету үшін қосымша тапсырыс береміз. Менің ойымша, біз оларға ақы төлеуге мүмкіндігіміз бар және олар ардагерлерге белгілі бір күндер мен сағаттарда қызмет етеді. Мен жеке тапсырма беремін бір ай ішінде схеманы ұсына аламыз, — деді Алматы Әкімі Ерболат Досаев.

Фото: Sputnik




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.