Досаев петиция туралы: Менің жұмысыма президент баға береді
Алматы әкімі Ерболат Досаев өзінің отставкаға кетуін талап етіп петиция туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мегаполис басшысынан оның отставкаға кетуі туралы петицияға көзқарасы қандай екенін сұрады.
Ерболат Досаев Алматыда 2,2 миллионнан астам адам тұратынын айтып, петицияға қол қойған 57 мың адамның арасында боттар да болуы мүмкін екенін жеткізді.
– Бұл жерде ботофермалар да жақсы жұмыс істейтін шығар. Себебі мен бұл петицияға қарап, петицияға қол қойғандардың арасында ЖСН және тегін жазбайтындар бар екенін байқадым. Мұндағы мәселелерге келетін болсақ, мен олардың орындалуын қадағалаймын. Біз тек уәде беріп қана қоймай, үлкен жұмыс жасаймыз. Бүгін әртүрлі мәселелері бар адамдар келді. Бірақ қала – тірі механизм екенін атап өткім келеді. Әкім ретінде мен үшін сіздің пікіріңіз маңызды. Мемлекет басшысы менің жұмысыма баға беретін шығар, – деп жауап берді Алматы әкімі.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.