Ya Metrika Fast


English version

Думан Мұхаммедкәрімге медициналық көмек қажет – адвокат

Контекст дня — 16 августа 2023 16:50
0
Изображение 1 для Думан Мұхаммедкәрімге медициналық көмек қажет – адвокат

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығына байланысты тергеу изоляторы жіберген жауапты жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Аштық жариялаған күннен бастап қамаудағы Думан Мұхаммедкәрім дәрігерлердің бақылауында болды. Аштықты тоқтатқаннан кейін Думан Мұхаммедкәрімге бірнеше рет Талдықорған қалалық ауруханасында кешенді түрде емдеу ұсынылды. Бірақ ол одан немесе қандай да бір анализ тапсырудан бас тартты, – деп жазылған хабарламада.

Адвокат Ғалым Нұрпейісов аштық кезінде журналист шамамен 20 кг салмақ жоғалтқанын айтты. Оған медициналық көмек қажет.


Айта кетейік, бүгін сот журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қамау мерзімін тағы бір айға созды. Қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді 16 тамызда Алматы облысының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.