Ең төменгі жалақының мөлшерi өзгереді
2024 жылдан бастап елімізде жалақының ең төмен мөлшерi, сонымен қатар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері мен зейнетақының ең төмен мөлшерi өзгереді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның мәтініне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi 85 000 теңге болады.
Одан бөлек, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңгені құрайды.
Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге болса, айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге, базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болып бекітілді.
Коллаж: Азаттық рухы
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.