ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстанда өткен сайлауды қатаң сынға алды
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылаушысы сайлаушылар саны мен келгендер туралы ресми ақпарат арасында айырмашылық бар екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Сайлау учаскелерінде болғанда қанша адам дауыс бергенін сұрадық. Комиссия жетекшісі «шамамен 500 адам» деді. Содан кейін 2,5 мың сайлаушы барын, 1,7 мың бюллетень қолданылмағанын айтты. Нәтижесінде 800 сайлаушы бюллетень алған, – деді ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблея делегациясының жетекшісі Рейнхольд Лопатки.
Оның айтуынша, Қазақстанның басқа аймақтарында да сайлауға келгендер саны ресми мәліметке қарағанла әлдеқайда төмен болды.
Сондай-ақ ЕҚЫҰ бақылаушысы сайлау күні кейбір бақылаушылардың қызметіне кедергі келтірілгенін хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.