ЕАЭО елдері бірқатар келісімдерге қол қойды
Ереванға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттығы осы жылдың 8 айында $17 млрд-тан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық.
– Техникалық және технологиялық талаптар, жергілікті жағдай, тіпті географиялық шектеулер – серіктес елдердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу кезінде кәсіпорындардың алдынан шығатын кедергілердің толық тізімі бұлар ғана емес, – деді Смайылов.
Ол 2020 жылы тауарлар өндірісіне
Премьер-министр ЕАЭО елдерін көлік құралы паспортының бірыңғай формаларын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жеделдетуге, сондай-ақ Одақтың ортақ нарығының тиімділігіне тікелей әсер ететін техникалық регламенттерді өзектендіруге шақырды.
Ереванға жұмыс сапары аясында Премьер-Министр ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен бірлескен кездесуіне де қатысты.
Фото: Ukimet




Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.