English version

Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікпен 5 адам ұсталды

Контекст дня — 15 января 2023 17:50
0 -1

Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікпен 5 адам ұсталды. Күдікке ілінгендер кәмелет жасына толмаған балалар.

Полиция департаментінің мәліметінше, көлік өртегендер 2005, 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер болып шықты. Олар бұл әрекетті интернет арқылы бейтаныс адамнан тапсырыс алып жасағанын айтқан. Қазір тапсырыс беруші іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, Алматыда белгілі журналист Динара Егеубаеваның көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен еді.

Фото: Фото: Instagram/dinara_yegeubayeva_official


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.