English version

Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндіретін зауыт салынады

Контекст дня — 1 декабря 2023 17:10
0

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтіп, отырысқа қатысушылар Павлодар облысының Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Қуаты жылына 80 мың тонна ферросилиций болатын жоба 520-дан астам тұрақты жұмыс орнын құруға және осы өнімнің Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркияға және Еуропа елдеріне экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жоба бойынша инвестиция көлемі 113 млрд теңгеден асады, пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.