English version

Екібастұздағы төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Контекст дня — 30 ноября 2022 18:10
0 -1

Екібастұз жылу электр орталығындағы (ЖЭО) апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– 30.11.2022 жылы Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттерге жосықсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді, ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Павлодар облысы прокурорының қаулысымен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.