English version

Екібастұздағы жағдайға жол берген адамдар жауапқа тартылады

Контекст дня — 28 ноября 2022 11:35
0 -1

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. ТЖ режимі жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін сақталады.

– «ҚР Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Екібастұз аумағында қала әкімі жылу желілеріндегі апат салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады. ТЖ режимі аймақтағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін сақталады, – деп жазылған Екібастұз әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Энергетика министрлігінің бақылау комитеті тексеріс бастаған. Көмекке зәру науқастар мен балалар облыс орталығына эвакуацияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа елдегі проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Екібастұздағы жағдайға жол берген адамдар жауапқа тартылатынын айтты.

– Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр. Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі. Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды.  Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді, – деп жазды ол.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Екібастұздағы жағдайға жол берген адамдар жауапқа тартылады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.