English version

Екібастұздағы жағдай: Скляр бастаған Үкімет мүшелері не тындырды?

Контекст дня — 4 декабря 2022 16:10
0 -1

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны атап өтілді. Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 484 адам жұмылдырылды.

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

– 4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде. Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Фото: Ukimet

https://t.me/kzexclusive
https://t.me/kzexclusivehttps://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.