English version

Экс-депутат Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды

Контекст дня — 21 ноября 2023 17:52
0 -1

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Экс-депутат Әлтаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Ол “аса ірі көлемде пара алу” бабы бойынша күдікке ілінген еді.

Айта кетейік, 20 қараша күні прокурор бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевты 12 жылға соттауды сұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұржан Әлтаев 2018-2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және мәжіліс депутаты болған кезінде 50 миллион теңгеге жуық пара алғанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.