Экс-депутат Оразовтың ұлы Ресей үшін соғысып жүр

Мәжілістің бұрынғы депутаты Самиғолла Оразов Ресейде тұратын ұлы Бауыржан Оразовты былтыр қыркүйекте мобилизациямен алып кеткенін және оның қазір Украинада жүргенін растады, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Оразовтың ұлы бұрын Қазақстанның батысындағы Орал қаласында милицияда жұмыс істеген. Кейін ол Ресейге кетіп, сол жақта отбасын құрады. Сондай-ақ Ресей азаматтығын алған.
– Мобилизация басталған кезде «мұнда кел, қайт» дедім. «Ой, папа, мені кім алады? 45-темін. Ауыратыным да бар» деді. Сосын оны шақырып алып, әскери комиссариатқа қамаған. Ешқандай комиссия жоқ. «Анда барғасың жазыласың» деп айдап жіберіпті. Қазір Запорожье АЭС-інің маңында Энергодар деген қала бар, сонда жүр. Ол жақта соғыс жүріп жатқан жоқ, – деді экс-депутат Самиғолла Оразов.
Фото: Скриншот
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.