English version

Экс-министр Аймағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Контекст дня — 7 февраля 2023 16:30
0 -1

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады, деп хабарлайды Exclusive.kz ЖОО-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов түрлі ұсыныстар түскенін және жоспарлары бар екенін жасырмаған. Сондай-ақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге дайын екенін жеткізген.

– Асхат Қанатұлы біздің студенттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз, – деп жазылған хабарламада.

Фото: AMANAT


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.