English version

Экс-министр Елжан Біртанов бес жылға сотталды

Контекст дня — 28 октября 2022 16:40
0 -1

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үкім шықты.

Елжан Біртанов лауазымдық өкілетін теріс пайдалану бабы бойынша кінәлі деп танылды. Экс-министрге бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Судья Біртановты санавиация ұшағын заңсыз пайдаланды деген айыптан ақтады. Үкім Астана сотында жарияланды. Сондай-ақ сот шешімімен Елжан Біртанов «Құрмет» орденінен айырылды.

Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев төрт жылға сотталды.

Сондай-ақ экс-министр мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда және қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет ету құқығынан айырылды.

2020 жылдың 25 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев Біртановты қызметінен босатты. 2020 жылдың 31 қазанында экс-министр Елжан Біртанов ұсталды.

Фото: mewtimes.kz

Изображение 1 для Экс-министр Елжан Біртанов бес жылға сотталды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.