English version

Экс-министр Юрий Ильинге тексеріс жүргізіледі

Контекст дня — 13 июня 2023 17:50
0 -1

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Марат Ахметжановтың мәліметінше, тексеріс өрт кезінде қызметтік міндеттерін орындамау бойынша жүргізілмек.

– Президент Бас прокурорға тапсырма берді, сол бойынша тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай. Адамдар қайтыс болды, сондықтан оқиғаның мән-жайы қылмыстық іс аясында анықталады. Неліктен дер кезінде шара қолданылмады, немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау және т.б. тексеріледі, – деді Ахметжанов.

10 маусым күні Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды. Оның орнына министр болып Сырым Шәріпханов тағайындалды.

Фото: gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.