Ya Metrika Fast


English version

Экс-вице-министр Қожағапановтың не үшін айыпталып жатқаны айтылды

Контекст дня — 6 марта 2024 17:20
0
Изображение 1 для Экс-вице-министр Қожағапановтың не үшін айыпталып жатқаны айтылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанына қатысты деректерді жария етті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, бұрынғы шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.


– Мәдениет және спорт экс-вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды. Ол коммерциялық ұйымның мүддесін көздеп, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру туралы келісім жасасуға көмектескен. Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа екі ай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Коллаж: ulysmedia


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.