Ya Metrika Fast


English version

Экс-вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

Контекст дня — 31 января 2024 14:50
0
Изображение 1 для Экс-вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

Арман Жүдебаев 30 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Арман Жүдебаев Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.


– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәдениет, руханият салаларына айрықша назар аударып отырғаны баршаңызға аян. Бұл – осы салада еңбектеніп жүрген әрбір әріптесіміз үшін анық қуаныш әрі салмақты жауапкершілік. Сондықтан, артылған сенімнің үдесінен шығу, «Әділетті Қазақстан» идеясының принциптеріне сәйкес жұмыс істеу – ортақ міндетіміз. Жаңа жұмыс орнына нақты тапсырмалармен, үлкен жауапкершілікпен келдім. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында нәтижелі еңбек етіп, салалық білім беру бағытына және тарихы терең оқу ордасының жағдайын жақсартуға білім-білігімді, тәжірибемді, күш-жігерімді саламын, – деп жазды Жүдебаев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.