Елбасы кітапханасы директорының орынбасары ұсталды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың серігі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz Silkroadnews-ке сілтеме жасап.
Елбасы кітапханасы басшысының орынбасары – Тимур Шаймергеновтің ұсталғаны белгілі болды. Дереккөздің мәліметінше, Шаймергеновты Астанадағы арнайы қызметтің өкілдері әйелімен бірге ұстаған.
Тимур Шаймергенов Назарбаев басқарған Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет етіп, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі болды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетін басқарды. Кейінгі жылдары Назарбаев кітапханасының басшылығында қызмет атқарды.
– Құқық қорғау органдары қамауға алу туралы ресми ақпарат берген жоқ, – деп хабарлады дереккөз.
Коллаж: Exclusive.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.