«Елбасы мәртебесі жоқ»: Назарбаевқа тіл тигізгендер жауапқа тартылмайды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізіп, ар-ұжданын қорлаған азаматтарды жауапқа тартуды көздейтін ереже күшін жойды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Елбасы мәртебесі жоқ. Сол себепті қылмыстық жауапкершілік қажет емес және қолданылмайды. Бұл ереже Елбасына ғана қатысты, ережеде отбасы туралы ештеңе айтылмаған, – деді депутат.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Елбасы туралы» заң күшін жойғаны туралы жарлыққа қол қойған еді.
11 қаңтар күні Конституциялық сот «Елбасы туралы» заң күшін жойғанын растап, 13 қаңтарда Сенат пен Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.
Фото: РБК
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.