Елбасы мен оның отбасын қорғайтын заңның күші жойылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы заңның күші жойылатынын айтты.
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы заң толығымен күшін жояды. Ол келесі жылдың басында болады. Білесіздер, бұл конституциялық заң, ал конституциялық заңдар Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Қаңтарда палаталардың бірлескен отырысы шақырылады, – деді Қошанов.
Мәжіліс төрағасы бұған дейінгі сөзінде Конституциядағы Назарбаев туралы норма экс-президентке қандай құзыреттер беретінін айтқан еді.
– Біріншіден, ар-намысы мен абыройын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, зейнетақысы бар, көлігі бар, күзеті бар, осы мәселелерді қамтамасыз ету мемлекет тарапынан. Осындай құзырет беріледі, – деді Қошанов.
Фото: Ria.ru

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.