English version

Елдің барлық аймағында қызылша ауруы тіркелді

Контекст дня — 4 ноября 2023 16:47
0

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен жиын өтіп, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр.

– Тиісті вакцина салдырмай дертке душар болғандар қатары көп. Қызылша елдің барлық аймақтарында тіркелген. Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда анықталды, – деп жазылған хабарламада.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұған дерттің қауіптілігі туралы халықтың ақпараттандырылмауы себеп болуы мүмкін.

– Азаматтардың екпеден бас тартуы, жүргізілген насихат жұмыстарының нашар екенін аңғартады. Адам өзіне өзі жау емес. Қауіптің барын білсе, өзін қорғау шараларын қолданады. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек, – деп тапсырды Дүйсенова.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.