English version

Елена Рыбакина планетаның үздік теннисшісін жеңді

Контекст дня — 22 января 2023 17:10
0 -1

Әлемнің 25-ші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте өз көрсеткіштерін жақсартты. Спортшы қазір 1945 ұпаймен 16-шы орында тұр, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Елена Австралияның ашық чемпионатының 1/8 финалында планетаның үздік теннисшісі Ига Швентекті жеңгеннен кейін осындай нәтижеге жетіп отыр.

– Мен Иганы қатты құрметтеймін. Ол керемет ойнады, бүгін мен дұрыс әрекет ете алдым, бұл нәтижеге әсер етті. Сабырлы болуға тырыстым және эмоцияны көрсетпедім. Бүгін үлкен жеңіске жеттік, AusOpen ширек финалына өткеніме қуаныштымын, – деді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің ширек финалына үшінші рет шығып отыр.

Фото: РБК

Изображение 1 для Елена Рыбакина планетаның үздік теннисшісін жеңді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.