English version

Елімізде энергетикалық дағдарыс байқалады – министр

Контекст дня — 21 октября 2022 17:40
0 -1

Энергетика министрі Болат Ақшолақов елде энергетикалық дағдарыс бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы бұрын ресми түрде еш жерде айтылмаған.

Дағдарыстың себебі – жүйелердің ескіруі және негізгі құралдарды жаңғыртудың төмен қарқыны. Бұл электр энергиясының тапшылығына алып келеді.

Болат Ақшолақов электр энергиясының құнын арттыру қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, қолданыстағы тарифті айына 1 МВт үшін ағымдағы 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін арттыру қажет. Бұл жылына қосымша 35 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Министр сонымен қатар тұтынушылардың жекелеген санаттарын тарифтердің өсуінің ықпалынан қорғау үшін бүгінгі тәжірибені ескере отырып, атаулы субсидиялау шарттары жасалатынын атап өтті.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Елімізде энергетикалық дағдарыс байқалады – министр

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.