English version

Елорда соты Боранбаевтың ісі бойынша шешім шығарды

Контекст дня — 26 сентября 2022 15:35
0 -1

Елордалық сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамауда отыру мерзімін ұзартты.

– 2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты, – деп атап өтті Астана сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру фактісі бойынша тергеуді бастады.

Бұған дейін кәсіпкердің бауыры Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды. Мемлекеттік сатып алу сайтында Мұрат Боранбаевтың 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болғандығы туралы ақпарат бар. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен A-Parking жобасының жауапты тұлғаларына қатысты істі тергеу жүргізеді.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.