Елордада 3 адамды құтқарған өрт сөндірушіге пәтер берілді
Елордада жанып жатқан пәтерден үш адамды аман алып шыққан өрт сөндірушіге пәтер берілді.
Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен беріледі.
Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына несиелерді өтеуге көмектеседі.
Астанада 16 қараша күні көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерден өрт шыққан.
Нәтижесінде қызметте жүрген өрт сөндірушінің денесінің 80%-ын күйік шалған. Забикулин комаға түскен.
Фото: Inbusiness.kz

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.