Елордада 3 мемлекеттік емхана салынады
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы жаңа емханаға барды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«City» емханасының жаңа филиалы Астананың қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан. Аталған нысанда 30 мыңға дейін пациент тіркеле алады. Жобаның инвесторы, «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов бұл City емханалар желісінің үшінші филиалы екенін атап өтті.
Емхананың ерекшелігі онда маммологиялық орталық ашылады. Науқастар мұнда кешенді диагностикадан өтіп, сүт безі ауруларынан емделе алады.
– Медициналық орталықта томосинтезі бар цифрлық маммография, дәстүрлі және вакуумдық аспирациялық биопсия әдістері, хирургке қатерлі ісіктерді алып тастау жолын көрсететін локализациялық инелер орнату сияқты диагностикалық технологиялар қолданылады. Сонымен қатар емханада барлық қажетті құралдармен жабдықталған амбулаториялық хирургия орталығы ашылмақ, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бес жыл ішінде Астана қаласының әкімдігі 3 мемлекеттік емхана салынады және 12 жеке емхана ашылады деп жоспарлап отыр.
Фото: aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.