Ya Metrika Fast


English version

Елордада су тапшылығы жоқ – Жеңіс Қасымбек

Контекст дня — 7 августа 2023 16:50
0
Изображение 1 для Елордада су тапшылығы жоқ – Жеңіс Қасымбек

Бүгін Үкіметте Тоқаевтың Астананы дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы талқыланып, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа бағдарламалық құжаттарды, Астананы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспарын баяндады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Қала басшысы 3-ЖЭО-ның бірінші кезегінің және жалпы қуаты 1 130 Гкал болатын екі газ жылу станциясының құрылысы туралы айтып берді. Бұл тұрғын үй құрылысының қазіргі қарқыны сақталса, 2026 жылға дейін жылу энергиясы қорын жинауға мүмкіндік береді.


Әкім сумен жабдықтау бойынша ұзындығы 44 шақырым су құбырының екінші желісін салу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ бүгінгі таңда қалада су тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.