English version

Елші Асхат Оразбай жаңа қызметке тағайындалды

Контекст дня — 11 января 2024 15:35
0 -1

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асхат Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Асхат Оразбай жаңа қызметке ауысуына байланысты елші лауазымызынан босатылған.

– Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.