Ya Metrika Fast


English version

Энергетика министрі қазақ тілін үйрену үшін жарты жыл уақыт сұрады

Контекст дня — 11 апреля 2023 15:35
0
Изображение 1 для Энергетика министрі қазақ тілін үйрену үшін жарты жыл уақыт сұрады

Жаңадан тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистердің сұрақтарына жауап беріп тұрып, 6 ай ішіндк қазақ тілін толық меңгеруге уәде берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Кешіріңіз, әрине, мен ана тілімді білемін. Алайда маған тіл білу деңгейін жақсарта түсу керек. Осы орайда, жарты жыл уақыт беруді сұраймын. Сұрақтардың бәріне қазақ тілінде жауап беретін боламын. Кешірім сұраймын және 6 ай ішінде ана тілімде жақсы сөйлейтін боламын, – деді Алмасадам Сәтқалиев орыс тілінде.


Алмасадам Сәтқалиев 4 сәуір күні мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.