Энергетика министрі Путин ұсынған «үштік газ одағы» туралы пікір білдірді
Бүгін Үкімет үйінде кеңейтілген отырыс өтті. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Ресей ұсынған «газ одағын құру» идеясы туралы пікір білдірді.
– Ешқандай одақ мәселесі талқыланбады. Бұл екіжақты талқыланатын мәселе. Мысалы, Өзбекстан-Қазақстан, Ресей-Қазақстан келіссөздері сияқты. Бірақ біз бұрыннан қарым-қатынас жасайтын елміз. Одақ құрамыз деген ұсынысты ешкім көтерген жоқ. Бізде бұл ақпарат қаралған жоқ, – деді Ақшолақов.
Еске салайық, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде үштік газ одағын құру мәселесін талқылағаны туралы түсініктеме берген еді.
– Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін үштік газ одағын құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн, – деп жазды Желдібай Facebook-парақшасында.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.