Ерғалиев Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетін тәмамдаған. 2009 жылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде магистр дәрежесін алды.
Ерғалиев еңбек жолын 2006 жылы денсаулық сақтау жүйесінен бастады. 2010 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті. 2014-2019 жылы Назарбаев Университетінде қызмет атқарды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлейман Демирел атындағы (СДУ) университет ректоры болды.
Фото: t.me.KZgovernment



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.