Ердоған: Газа секторы толығымен жойылды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Олаф Шольцпен Берлинде өткен баспасөз мәслихатында Газа секторы толығымен жойылғанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ердоғанның айтуынша, қазіргі уақытта 13 мың палестиналық қаза тапқан. Олардың қатарында балалар, әйелдер мен қарттар бар.
– Израиль мыңдаған палестиналықтарды өлтіріп, ауруханаларға, халық көп шоғырланған орындарға шабуыл жасады. Мен мұсылман ретінде бұл жағдайға алаңдаулымын. Христиан ретінде бұл шіркеулердің жойылуына алаңдамайсыздар ма? Біз еврейлер, христиандар мен мұсылмандар арасында ешқандай айырмашылық жасамауымыз керек, – деді Ердоған.
Ол әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшелері Таяу Шығыста әділ және берік бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек екенін атап өтті.
Фото: Известия
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.