Ya Metrika Fast


English version

Ердоған мен Мирзиёев Қазақстан халқына көңіл айтты

Контекст дня — 12 июня 2023 16:50
0
Изображение 1 для Ердоған мен Мирзиёев Қазақстан халқына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен және Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді.


Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.