English version

Ердоған Украинадағы қантөгісті тоқтатуға шақырды

Контекст дня — 13 октября 2022 14:30
0 -1

Астана қаласында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтті. Кеңесте сөз алған Түркия басшысы Украинадағы жағдай барлық әлемге кері әсерін тигізгенін айтты.

– Біз Украинадағы дағдарыстың салдарын аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Мен әрқашан әділдікке дипломатия арқылы қол жеткізуге болады деп айтамын. Соғыста жеңімпаз болмайды, әділдіктен ешкім жеңілмейді , – деді Түркия президенті.

Ол Түркия мен БҰҰ-ның соғыстың жағымсыз салдарын жою жөніндегі күш-жігері бүкіл әлемде мойындалғанын атап өтті. Сондай-ақ Қара теңіз арқылы украин астығын экспорттау туралы Стамбул келісімі және тұтқындармен алмасу айтарлықтай жетістік екенін баса айтты

– Біздің мақсатымыз – барлық қиындықтарға қарамастан қантөгісті мүмкіндігінше тезірек тоқтату, – деді Ердоған.

Изображение 1 для Ердоған Украинадағы қантөгісті тоқтатуға шақырды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.