Ердоған жер сілкінісінен баспанасыз қалғандарға жаңа үйлердің кілтін табыстады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газиантеп провинциясының Белпынар ауылында, Кахраманмараш провинциясының Местхююк және Түркоғлы ауылдарында зілзала салдарынан баспанасыз қалғандарға жаңа үйдің кілтін тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Президент сонымен қатар салтанатты шараға қатысушыларды Рамазан айымен құттықтады.
– 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен 15 күн өткен соң, жаңа үйлердің іргетасы қаланды. Апат аймағында барлығы 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Олардың 319 мыңы бір жыл ішінде тапсырылады. 60 мыңға жуық пәтердің іргетасы қаланды. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасып жатыр. Біздің міндетіміз – жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды мүмкіндігінше тезірек жаңа заманауи үйлерге көшіру, – деді түрік басшысы.
Сондай-ақ Ердоған апат аймағындағы барлық қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы жаңартылып жатқанын атап өтті.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.