Еркін Иргалиев: Бәсекелі  және болжам жасауға келмейтін сайлау – митингтерге тамаша балама - Exclusive
Поддержать

Еркін Иргалиев: Бәсекелі  және болжам жасауға келмейтін сайлау – митингтерге тамаша балама

Бақылаушылар Ақорданың «қадағалауымен» барлық өңірлерде болып өткен президенттік сайлауда оңбай «сүрінді». Билік жақсылық жасаймын деп өзіне пайдасына қарағанда, зиянын көбірек тигізіп алған жоқ па? Өйткені, өркениетті сайлау – бұл әлеуметтік катаклизмдерге тамаша балама. Алдағы парламенттік сайлауда қандай сценарийлер жүзеге асырылатын болады? Бұл туралы exclusive.kz «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының Батыс өңірлік филиалының атқарушы директоры Еркін Иргалиевпен тілдескен болатын.

– Сіз адамды жалықтырып, зеріктіріп жіберетін сайлау деген атқа ие болған, елімізде болып өткен президенттік сайлауды қалай бағалайсыз? Алайда, мұндай сайлаудың бақылаушылардың жұмысы тұрғысынан алғанда өте маңызды саналғаны белгілі, Орал қаласын қоспағанда – байқаушылар мұндай сынақтан оңбай сүрінген сияқты көрінеді. Сіз 2019 жылмен салыстырғанда бақылаушылар онша тиімді болмады дегенмен келісесіз бе, ең ашық және тиімді бақылаушылар неліктен Оралда болды деп ойлайсыз?

– Сайлауды бағалаудың екі критерийі бар. Бұл, біріншіден, бәсекеге қабілетті және бәсекеге қабілетсіз, болжамды және болжам жасауға келмейтін өлшемшарттар. Кейде,  критерийлер бір-бірімен үндесіп жатады. Ал, соңғы сайлауға баға беретін болсақ, онда жағдай өзге қырынан қабылданатыны шындық. Мәселен, ең қызықты саналған сайлау 1999 жылы болған еді. Мұндай сайлау бәсекеге қабілетті әрі болжам жасауға келмейтін науқан ретінде көрінді, алайда осы оқиғадан кейін билік тиісті қорытынды жасады және 2005 жылғы сайлау бәсекеге қабілетті, бірақ болжамды болды.

Өткен сайлауға келсек және оны осындай өлшемшарттар тұрғысынан бағалайтын болсақ, сайлаудың бәсекеге қабілетсіз және болжамды болғаны белгілі. Әрине, бұл өте өкінішті жағдай, өйткені кез келген сайлау – әрдайым тарихи мүмкіндік саналады. Тарихшы ретінде, егер батысты даму тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда демократияның айтарлықтай күшті болғанының өзі ол жақта жеткілікті екенін және болып өткен сайлаулар революциялардың орнын алмастырғанын баса айтқым келеді. Назарбаев 1991 жылдан бері алты сайлау өткізді, нәтижесінде, бізде аяқталмаған екі революция орын алды. Бастамашыл сипатқа ғана ие болса да,  бізде мұндай революция болып өтті. Мен 2001 жылғы ҚДТ (ДВК)-ны жоғарыдан болған революция ретінде, ал Жаңаөзен трагедиясын төменнен болған революция ретінде айтып отырмын. Өтемақы заңы деген бар, нәтижесінде осының бәрі түптеп келгенде Қантар оқиғасына әкеліп соқтырды. Мұндай оқиғалардың барлығы бір-бірімен байланысты.

Бақылаушылар жайында. 2019 жыл – нақты осы жылы тәуелсіз бақылаушылар шыға бастады, сөйтіп олар билік үшін өздігінен және күтпеген жерден пайда болған оқиға ретінде қабылданды және 2019 жылдың маусымында жоғарыдан жасалған сценарийдің жолын кескен  осы тәуелсіз кеңесшілер болды. Сірә, мұндай сценарий 2018 жылдың қаңтарында, яғни экс-Елбасы қызымен АҚШ-қа барған кезде келісілген сыңайлы. Бәлкім, мұндай транзиттік сценарий оның басты мақсаты – отбасылық форматтағы парламенттік республика құру болған шығар. Алғашқы кезде осы мақсатта Қосанов пен осындай ұлттық-патриоттық серіктесулер жұмыс істей бастады. Сірә, олар 2019 жылғы президенттік сайлауда ойларын «іске асыра» алады, содан кейін келесі сайлауда фракция түрінде тіркеледі және сенаттың экс-спикері бастаған парламенттік республиканы қолдайды деген алғашқы келісім де болуы әбден мүмкін.

– Неліктен сізде осындай сценарий туындап отыр? Бұған қандай да бір дәлел бар ма?

– Ондай дәлел жоқ. Бірақ жалпы логика тұрғысынан қарастырсақ. Трамптан бастаған жөн  сияқты, себебі ол диктаторларды жанындай жақсы көреді, бұл оның айла-шарғысы. Трамп еуропалық серіктестеріне қарағанда, диктаторлармен сөйлескенді көбірек ұнатады. Екіншіден, мұндай транзиттің мәні (ол әлі де жалғасуда) техникалық президентті тағайындау, ал билікті мықты да мығым парламент жүргізетін болады.

– Сонда не нәрсе дұрыс болмады?

– Бізде сайлау әдетте болжамды түрде өтеді. Әуелі жоғары жақтан тұжырымдамалар, іс-шаралар жоспары әзірленеді, қоғамдағы рөлі белгіленеді… Жалпы бақылаушылар пайда болғанға дейін сайлауда барлық жағдай штаттық режимде, бірқалыпты өрбіді.  Сөйтіп, бір сәтте бақылаушылар интернет, тікелей эфир, мөр басылған хаттамалар арқылы шынайы көріністі көрсетіп берді. Билік бұған дайын болмай шықты. Сценарий бойынша Косанов келесі күні жарыстан шығуы керек еді, бірақ кешкісін  бақылаушылар тікелей эфирге шыққан кезде дүрбелең басталып кетті және бір шикіліктің бар екені көзге көрініп тұрды…

– Қосановтың нәтижелері жоғары болды ма?

Наурыз айының соңында Матрица.кз сайтында мен, егер тәуелсіз кандидат шығатын болса, екінші турдың болуы мүмкін деген болжамымды жариялаған болатынмын (бұл Косановтың екінші үміткер болатынын білгенге дейін болған оқиға болатын-ды). Сөйтіп ол тіркелді, бірақ оның соншалықты дауыс жинайтынын ешкім күткен жоқ. Айтпақшы,  қазір менің бір түсінгенім: бастапқыда Қосановтың 2019 жылғы сайлауалды науқанының болмағаны, ол қазіргі кандидаттар мен қазіргі президент үшін әдейі «кептірілген» тұлға болды. Қосановтың сәтсіз салынған портреттері бар осындай билбордтар, бағдарламасы жоқ қазақ тіліндегі парақшалар… мұның айқын дәлелі, соған қарамастан ол жасалған болжамнан әлдеқайда көп қолдау тапты. Тіпті Назарбаев университетінде студенттер мен оқытушылар дауыстарын Қосановқа берді.

– Яғни, негізінен есептеу дұрыс, сценарий тамаша болғаны ғой, алайда барлығын бақылаушылар бұзғаны ма сонда?

– Мен нақты, іс жүзінде болған оқиғаларға қараймын. Біріншіден, Косанов қалыптасқан жанрға қайшы, мерзімінен бұрын «шығып кетті». Ол сайлау нәтижелерін күтіп, содан кейін ғана барлық дауыстарды «біріктіруі» керек еді.

Екіншіден, инаугурация да қызықсыз болды. Айтпақшы, ол кезде парламент сайлауы күзде өтеді деген сыбыстардың болғанымен, оның көктемге шегерілгенін өзіңіз де байқаған боларсыз. Олар күте тұрамыз, көреміз деді. Тәуелсiз бақылаушылар деректерден бейхабар болды, сценарийшілер болса әуре-сарсаң, ал көктемде пандемия, төтенше жағдай, т.б. басталды. Сөйтіп, қолға алынған дүниелер көңілден шықпады.

– Дұрыс түсінген болсам,  Ақорда өз қателіктерінен сабақ алып, бұл жолы бақылау институтының өзін жоққа шығарып, бағдарын өзгертіп, нәтижесінде осындай әрекеттердің орын алғаны ғой сонда. Неліктен шынайы көріністі нақты Оралда көрсету мүмкін болды?

– Осыдан кейін де олардың қарсы бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болғаны белгілі, содан кейін жалған бақылаушылар пайда болған парламенттік сайлау болғанын қоса кеткім келеді. Сонымен, 2019 жылы осындай сценарий бойынша «Аманат» (Бақылаушылар қозғалысы) бақылаушылар тобы әрекет етті. Яғни, сайлауды заңдастыруға тиіс болатын мұндай жалған бақылаушылар парламент сайлауында пайда болды. Референдумда да – дәл осындай жағдай, осылайша билік тәуелсіз бақылаушыларға қарсы тұруға дайын болып шықты.

Негізінде, сайлау жалпы тұтас бір өндіріс саналады, яғни барлығы кездейсоқ әрі бекерден-бекер болмайды. Неліктен Оралда? Себебі Орал – электоралдық орталық, яғни сайлау астанасы. Бұл оқиға 1989 жылдан бастау алады. Ол кезде казак қоғамы дамып, солшыл қозғалыстар пайда болған еді. Радикалды коммунистер мен казактар, дәрменсіз демократтардың сарқыншақтары өздерінің солшыл блогын ұйымдастырды, сөйтіп 1989-2003 жылдар аралығында қалалық мәслихатта олардың қатары көптеп саналды. Олардың өз хатшысы, өз аппараты болды, осылайша олар тәуелсіз заңдарға қарағанда Мәскеуді көбірек басшылыққа алды. Әкімдік олармен заңды әдістер, яғни үгіт-насихат арқылы күресуге тырысып бақты, алайда мұндай шаралар түкке тұрғысыз болып шықты. Өйткені, Орал – орыс тілді қала, олар халықшыл ұрандар арқылы қажетті дауысқа оңай қол жеткізе білді.

Демек, бізде сайлау институты дамыған, сайлау мәдениеті қалыптасқан және адамдар бұл тұрғыда жетілген деген сөз.

– Өткен президент сайлауында тәуелсіз бақылаушылармен тікелей байланыста болдыңыз. Сіздің рөліңіз қандай болды?

– 2010 жылдан бері еліміздегі барлық сайлау науқандары «құрып» тынды, елімізде құйтырқы технологиялар арқылы көңілдерінен шықпайтын кандидаттарды шеттете бастады. Олар кез келген себеп-сылтауларды іздей бастады, салық комитеттері күні-түні «тіміскілеп», салығы төленбеген, құны болмашы ғана тиын-тебеннен тұратын, шіріген, тіркелмеген қандай да бір «жигулиді» тауып алып, осындай сылтаулармен кез келген тәуелсіз кандидатты тізімнен алып тастады.

Ал 2019 жылы мен ескіні аздап сілкіп тастауға бел буып,  қазақ оппозициясының тәуелсіз балаларына тілек білдірушілерді оқытуға ұсыныс жасадым. Мен олардың қатары көп екеніне сондай таңғалдым, негізінен барлығы дерлік жастардан құралған болатын-ды. Өткізген бірнеше семинар барысында мен кем дегенде 125 адамға бақылау технологиясын үйреттім. Олар барлығын игеріп, 2019 жылы қаладағы көптеген учаскелердің қызметін тоқтатқан еді.

Мақтанатын бір жайт – олар бір-бірін үйрете бастады, жігіттер биыл Оралдағы сайлау учаскелерінің жартысын, Ақсай қаласындағы 12 сайлау учаскісін жауып, округтердегі сайлауды өз бақылауларына алды. Маған олардың барлық хаттамаларды өз бетімен жүргізе бастағандары ұнады. Объективтілік үшін айта кетейін, Оралда тәуелсіз бақылаушыларға ешқандай кедергі болған жоқ.

– Егер Оралдық модель елімізге жаппай таралатын болса, онда біз заңды, адал, ашық және мінсіз сайлау өткізер едік деп ойлаймын. Алты ай бұрын сіз Exclusive– те үш болжам жариялаған болатынсыз: әлсіз аннексия, реставрация және үшіншісі- келімсектердің келуі. Айтыңызшы, осы сценарийлердің қайсысы жүзеге асырылуда?

– Үш сценарий де шынайы болып шықты.

Бізде әлсіз аннексия да орын алып отыр, бірақ жеңіл нұсқада. Оған дәлел – әскери полигондар, Ресейден Қазақстанға көшу (бұл маусымдағы деректерден де асып түсті), ресейлік бизнес позициясын жоғалтқан жоқ, ресейлік телеарналар әлі де хабар таратуда. Аннексия азды-көпті нұсқада көрініс табуда, жағдай одан да нашар бола түсуі бек мүмкін.

Реставрацияның «Ағатайлық блюзі» де жалғасуда. Қаңтардан және одан кейінгі уақытта да олар өздерін жақсы сезінеді, өйткені олар қазірдің өзінде мұндай әрекеттерге бейімделіп алған. Араларында, бір-бірімен қандай да бір келісімдердің  болуы да әбден мүмкін. Отбасы өз позицияларын жоғалтқан жоқ.

Келімсектердің келуі – бұл біздің оппозициямыздың қызыл Мәскеумен келісімге кетіні туралы әзіл. Бірақ, бұл фантастикалық сценарий, мұндай үрдіс ол кезде болған жоқ және қазір де болмайды.

– Сондай-ақ, сіз ықтимал альянстардың үш нұсқасы туралы да айтқан болатынсыз. Бұл  Ақорда – Путиншілер, Ақорда – оппозиция және Ақорда – Назарбаевшылар. Сіз, осы альянстардың қайсысын қазір көріп тұрсыз? Қандай да бір төртіншісі пайда болды ма?

Ақорда путиншілер: президентіміз дипломат бола тұра, Батыспен де, Мәскеумен де қарым-қатынасты бірқалыпты ұстай білді. Мәселен, қазір Ресей террористік мемлекет деп жарияланса да, біздің ресми тұлғалар қылдың ұшымен жүре отырып Кремльмен байланысын үзген жоқ.  Мұндай сценарий бар, бірақ ол жұмсақ және қауіпті емес.

Ақорда – Назарбаевшылар соңғы сайлауға қарағанда, бір-біріне тиіспеуге келіскен сыңайлы, негізінен бұл да жаман емес, жағдай одан да нашар болуы мүмкін еді.

– Ақорда – оппозиция: жүзеге асырылмайтын сценарий ма?

– Иә, дұрыс айтасыз, алғашқы екі формат жағымсыз көрінеді. Үшінші нұсқа позитивті, және негізінен, бастамашыл сипатқа ие. Оппозициялық қайраткерлеріміз бақылау жұмыстарымен айналысқан-ды және олар келтірген цифрлар ресми деректермен сәйкес келді. Айтпақшы, Оралда сайлауға қатысқан адамдардың саны ресми жарияланған деректерден төмен болды. Ал Тоқаевқа дауыс берген адамдар санының ресми деректермен сәйкес келуі бұл басқа мәселе. Кейбір оппозиция қайраткерлерінің цифрлары ресми көрсеткіштерге тым жақын, олардың Оралдың тәуелсіз бақылаушыларынан айырмашылығы өздерінің қорытындыларын жариялаған жоқ.

– Аталмыш жарияланымда сіз отандық бизнесті бесінші элемент ретінде атап өттіңіз. Парасаттылық тұрғысынан бұл әлдеқайда қисынды көрінетіні белгілі, өйткені қазір реформалардың ең мүдделі және белсенді бенефициарлары тұрақтылықты, экономикалық өсуді және т.б. қажет ететін шағын және орта бизнес болып табылады. Сіз бизнестің өз рөлін сезіне бастағанын көріп тұрсыз ба және осы мақсатта өздері үшін күресетін белгілер бар ма?

– Әлеуметтік сұраныс, тарихи қажеттілік, әлеуметтік қажеттілік деген ұғымдар бар. Өзгеріс құрылымды, идеологияны қажет етеді. Құрылым жайында айтар болсақ. 30 жыл бойы  оппозициялық форматтардың барлығы сынақтан өткені белгілі, алайда олардың барлығы ортақ бір дүниені тудырды. Бұл зиялылар қозғалысы. Бізге меншік иелері экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ететін, адами тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, саясатпен ғана емес, қоғамдық кеңістікте өз мүдделерін қорғаумен айналысатын буржуазиялық формат қажет болуы мүмкін. Олар қазіргі орын алып отырған жағдай сияқты көлеңкелі лоббизм арқылы ғана емес,  сондай-ақ парламент, мәслихаттар, партиялар, БАҚ-ы және т.б. арқылы да әрекет ету  етуде. Бұл сөзсіз шындық. Айта кететін тағы бір жайт, біздің бизнес өмір сүруге дағдыланып, бейімделіп алған, оған қоғамдық кеңістікке шығу қорқынышты құбылыс.

– Қазақстанның батысында азаматтық белсенділік неліктен жоғары, мұның себебі неде?

– Біздің еліміз түрлі аймақтардан тұратыны белгілі– оңтүстік, шығыс, солтүстік, орталық – олардың бір-бірінен саяси мінез-құлық, ойлау, дүниетаным тұрғысынан алғанда ерекшеленетіні сөзсіз шындық.

Тарихи тұрғыдан алсақ батыстың, ежелден – сонау Ноғай ордасынан бері өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі. Ноғай ордасы еркіндікті жақсы көргенін өздеріңіз жақсы білесіздер, қазақ хандығына қарағанда Шыңғыс хан тұқымына мейлінше аз бағынған, яғни мұндай бүлікшілік сол кезден бері сақталып келеді. Екіншіден, бұл мұнайлы өлке. Демек, мұнда шетелдіктермен қарым-қатынас жасайтын, ауыр экстремалды жағдайларда жұмыс істеп, шетелдіктермен салыстырғанда мүлдем төмен жалақы алатын адамдар өте көп.

Оның үстіне батыс Еуропаға жақын орналасқан – БҚО шекарасынан Украинаның шығыс шекарасына дейін бар-жоғы 500 шақырым ғана. Ал Ресей болса бізге тым жақын орналасқан мемлекет.

– Соңғы сұрақ: алдағы парламент сайлауына қатысты қандай болжам жасайсыз?

– Мен елімізде қалыпты,  болжам жасауға келмейтін сайлаудың да, бәсекелі сайлаудың да болғанын қалаймын, өйткені бұған сұраныс бар. Елімізде наразылық әлеуеті жинақталды, ол өзін еркін сезінгісі келеді, бостандықты талап етеді, қоғамдық бейбіт форматта көрінгісі келеді. Айта кететін тағы бір мәселе, бізде әлі де болса бәрін реттеу, бақылау сияқты аппараттық тәсілдер анық сезіледі, мұның барлығы сайып келгенде  адамды жалықтырып зеріктіретін, сайлауға әкеліп соқтырады.

«Сайлауды құрғату» деген ұғым бар. Біз келесі болатын сайлаудың құрғап қалмауын қалаймыз, өйткені бұл революцияға балама, барлық келеңсіз жағдайларды бейбіт, өркениетті түрде шешуге деген мүмкіндік.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.