Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
– Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын, — делінген Жарлықта.
Мемлекеттік кеңесшіні ел президенті тағайындайды және қызметінен босатады. Ол тек президентке есеп береді.
Мемлекеттік кеңесшінің міндеті:
ішкі саясат бойынша ұсыныстар әзірлеу;
білім, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы қызметті үйлестіру;
саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; қоғамдық сананы жаңғырту; Ұлттық құрылтай және т. б. мәселелер бойынша комиссиялардың қызметін үйлестіру.
Мемлекеттік кеңесші әкімдіктер мен министрліктерге тапсырмалар беруге құқылы.
Фото ашық деректерден
1 Комментарий
аааааааааа