Ертең мәслихатта елорда атауын өзгерту мәселесі қаралады

15 қыркүйек күні мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту мәселесі қаралады.
– 2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де өтетін Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының қарауына Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе қаралады, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары елордаға Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын.
13 қыркүйекте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Нұр-Сұлтанды Астана деп қайта атау туралы бастамаға түсініктеме берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылған басқа атаулар қалуы керек.
Фото: Вечерняя Астана
Поделиться публикацией
Рекомендуемое
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.