English version

«Ешкім ойнап отырған жоқ»: Мәжіліс депутаты министрді қатаң сынға алды

Контекст дня — 20 декабря 2022 10:50
0 -1

Мәжілісте «Қазақстанның елді мекендеріндегі байланыс мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Министр Бағдат Мусин баяндама жасады.

Депутат Еділ Жаңбыршин министрдің баяндамасына қатысты пікір білдіріп, Бағдат Мусиннен нақты сөйлеуді талап етті.

– Менің сұрағым Цифрлық даму министріне. Сіз асықпай-аптықпай қысқа және нұсқа жауап беріңіз. Біздің уақытымызды алмаңыз, бұл жерде ешкім ойнап отырған жоқ. Нақты сұрақ қойылады нақты жауап беріңіздер. Бұл не? Басын бастайсыздар, аяғы жоқ. Парламентке келдіңіз бе, дұрыстап жауап беріңіз! – деді депутат.

Министрге ескерту жасаған депутат туристік инфроқұрылымдардағы байланыс туралы сұрақ қойды.

– Бізде байланысты қажет ететін нысандар бар. Мысалы, туристік инфроқұрылымдар. Қазір өзіңіз білесіз. Біздің елімізде туристік поток көп. Ондай маршруттарда визит-орталықтар салынып жатыр. Әртүрлі қорықтар мен ұлттық парктер бар. Ол жерге көптеген адамдар барады. Ал енді сол жердегі мәселе ушығып тұр. Неге мен мұны айтып отырмын? Бұл коммерциялық жағынан емес. Жалпы адамның қауіпсіздік мәселесіне байланысты. Машина бұзылып қалуы мүмкін. Адам ауырып қалуы мүмкін. Әр түрлі жағдайлар болып қалуы мүмкін. Ол жерлерде бізде байланыс жоқ. Қазақстан туристік инфроқұрылымына байланысты қандай жоспарларыңыз бар? Байланыспен қалай қамтамасыз етейін деп отырсыз? Қандай қаражат есебіне және қандай технологиялар қолданылады? Жақында сіз Премьер-министрге баяндаған ұлттық жобада осы айтылған мәселелер қамтылған ба? Маған нақты айтыңыз, – деді Еділ Жаңбыршин.

Изображение 1 для «Ешкім ойнап отырған жоқ»: Мәжіліс депутаты министрді қатаң сынға алды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.