Еуропалық Одақ Ресей газынан бас тартады - Exclusive
Поддержать

Еуропалық Одақ Ресей газынан бас тартады

Еуропалық Одақ 2027 жылға қарай Ресей газынан бас тартады.

Қатысушы елдер қазірдің өзінде ресейлік газды тұтынуды келесі жылдың наурызына қарай төмендетуі керек, деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен. Ол Ресейді газ экспорты бойынша сенімсіз серіктес деп атады.

– Біздің басты мақсатымыз – 2027 жылға дейін Ресей газын жеткізуден толық тәуелсіз болу, – деді ол.

ЕО газды үнемдеу және жаңартылатын энергия көздеріне көшу жобаларына 300 млрд еуро инвестициялауды жоспарлап отыр.

– Біз АҚШ және Норвегия сияқты сенімді серіктестермен жаңа келісімдер жасаймыз, − деді Еурокомиссия басшысы.

Өткен аптада Еурокомиссия Ресей газын жеткізуді толық тоқтатқан жағдайда Еуропа үшін шығындарды азайту мақсатында газ тұтынуды 15%-ға қысқарту жоспары туралы жариялады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *