Евгений Пригожинге қатысты сот қайта жалғасады
Ресей билігі «Вагнер» басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ресейлік БАҚ ақпарат дереккөзі Бас прокуратура екенін атап өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Іс тоқтатылған жоқ, тергеу жалғасуда, – деді агенттіктің сұхбаттасушысы.
Евгений Пригожинге қатысты 23 маусым күні қылмыстық іс қозғалған еді. Кейін Беларусь президенті Александр Лукашенконың келіссөздерінен қылмыстық іс тоқталатыны айтылды.
Келіссөздер нәтижесінде «Вагнер» жасаға Мәскеуге барар жолдан кері шегініп, дала лагерьіне оралды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.