Ya Metrika Fast


English version

Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды

События дня — 7 декабря 2021 00:00
0
Изображение 1 для Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды

Кузбасстағы Листвяжная шахтасында тағы 13 адамның мәйіті табылды. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, екі шақырымға жуық жер зерттелген.

— Төтенше жағдай орнында тәулік ішінде 83 тау-кен құтқарушысы жұмыс істеген. 1,7 шақырымнан астам жұмыс орындары зерттелді . Қаза тапқан 13 адамның мәйіті табылды, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Еске салайық, 25 қарашада Кемерово облысындағы Листвяжная шахтасында метан жарылысынан 52 адам зардап шеккені белгілі болды.


Оның ішінде алты құтқарушы қаза тапқан еді. Бүгін белгілі болғандай, қаза тапқандар саны 19 адамға жетіп отыр.

Чингиз Айтматов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.